ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ГлавнаяКолледж туралыДиректордың блогы

Директордың блогы

Құрметті ХҚҚТК сайтының қолданушылары!

Директор болгы көмегі арқылы Сіздермен байланысу мүмкіндігіне қуаныштымын! Бұл-колледж қызметі жайлы Сіздерді толғандыратын сауалдардың жауабын алу және талқылауға арналған жақсы мүмкіндік.
Бұл - біздің арадағы байланысты нығайтып, пікір алмасу арқылы тығыз қарым-қатынас орнату алаңы. Кез-келген тұлға өз сауалдарын, ұсыныстарын, пікірлерін жазып, қалдыруына болады. Бұл байланыс барлығымыз үшін пайдалы болады деген сенімдемін.

Колледж Директоры, Талғат Мамырұлы!
 

 

        Талғат Мамырұлы-Халықаралық Қазақ-Қытай Тіл Колледжінің директоры, бизнес әкімшілік докторы (DBA), ҚР ҒБМ ұсынған Ы.Алтынсарин атындағы төсбелгі иегері. Талғат Мамырұлы 1961 жылы ҚХР дүниеге кеген. 1978 жылы Синьцзянь университетіне «Электроника» мамандығына оқуға түседі. Университетті үздік аяқтап шығады. Университетте оқытушы болып жұмыс жасады, оқытушылық және ғылыми-зеттеушілік жұмысын қатар атқарып жүрді.

1989-1991 жж. Шанхай қ. Фудан университетінде аспирантурада білім алды.  Көптеген Республикалық және шетел басылымдарында, оқу-әдістемелік оқулықтарда жарық көрген  ғылыми-зерттеу мақалаларының, сонымен қатар, монографиялардың авторы. Қазақ, қытай, ағылшын, орыс тілдерін еркін меңгерген.

1993 жылы тарихи отаны Қазақстанға оралады. 
1993-1997 жылдар аралығында Қазақстан Республикасының Ұлттық Ғылым Академиясының информатика институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс жасады. 

2004-2008 жж. АҚШ- Аризона штатындағы Солтүстік-Орталық университетте (North central University) докторантураның сырттай бөлімінде білім алды. Диссертацияны ағылшын тілінде қорғап шықты. «Бизнес әкімшілік Докторы» (DBA) ғылыми атағына ие болған. 1997 жылы Талғат Мамырұлы жары Ф.Мерхамитқызымен бірге жеке және орта бизнесті дамыту үшін «Ерке-Нұр» компаниясының негізін қалайды. Қазіргі таңда «Ерке-Нұр» компаниясы-еліміздің экономикасының дамуына қарқынды үлек қосып кел жатқан жемісті кәсіпорын. 

2007 жылы Талғат Мамырұлы «Ерке-Нұр» компаниясы жанынан ашылған Қазақтандағы аналогы жоқ жаңа оқу ордасының басқарушы болып тағайындалады. Халықаралық қазақ-қытай колледжі Қытай Халық Республикасының білім беру саласындағы үздік тәжірибесін кәсіби-техникалық бағытта қолданған Қазақстандағы алғашқы жоба. Колледждің ашылуы Талғат Мамырұлының өміріндегі елеулі оқиға болды. Жарқын ұйымдастыру қабілеттері, қуаттылық, терең білім және қарапайымдылық пен адалдық, адамдармен жеңіл тіл табысу қасиеттері өз айналасына адал одақтастар мен оқытушыларды біріктірді.

Колледж дамуы ҚР мен ҚХР түрлі саладағы халықаралық  дамуымен тығыз байланысты. Жылдар ширегінде колледж атауы талай өзгеріске ұшырағанымен, оның халықаралық статусы және педагогикалық ұжымның әрбір ізденушіге сапалы білім мен болашақ мамандығына сай кәсіби тәлім, еңбек нарығы талаптарына сәйкес қасиеттерді бойына сіңіруге деген құлшыныс өзгеріссіз қалды.
Абитуриенттер санының жыл сайын көбеюі оқу орнының беделінің артуымен байланысты. Колледж ұсынған білім бағдарламалары Алматыда ғана емес, бүкіл Қазақстан бойынша жылдам дамушы оқу мекемесі атануына үлес қосты. Колледжде білім алу мемлекеттік стандарттарға сәйкес орындалады. Колледж ҚХР кәсіби-техникалық және жоғары оқу мекемелерімен ынтымақтастық орнатылған. Колледждің басым стратегиясы Қазақстанның кәсіби-техникалық даму қызметіне сауатты, бәсекеге қабілетті, жұмыс берушінің талаптарына сай келетін, жоғары білімді, еркін және сындарлы ойлай алатын, әлемдік шет тілдерін меңгерген мамандарды даярлау болып табылады. 

2010 жылы көпжылдық білім беру саласының даму жолында қызмет жасағаны үшін ҚР  ҒБМ  «Ы.Алтынсарин» атындағы құрмет белгісімен марапатталды.
 

Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме