ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57
ikcla@mail.ru
+7 727 249 32 50 +7 727 249 36 16 +7 708 972 48 57

HSK


HSK (дәст.қыт. 漢語水平考試, қысқартылған 汉语水平考试, пиньинь: Hànyǔ Shuǐpíng Kǎoshì) — қытай тілін білу деңгейін анықтау мақсатында Бейжің тіл және мәдениет университеті тарапынан ұйымдастырылған Қытай мемлекеттік емтиханы.

HSK қытай тілі ана тілі болып табылмайтын барлық Қытайдың аз ұлт өкілдеріне, сонымен қатар қытайлық эмигранттар мен шетелдіктерге арнайы тағайындалған.
«HSK» емтиханы «Негізгі деңгей», «Бастапқы және орта деңгей», «Жоғарғы деңгей» деп жіктелетін көпдеңгейлі құрылыман тұрады. Әр деңгей тыңдау, грамматикалық тест, мәтінді түсіну қабілетін анықтауға арналған тапсырма, сонымен бірге жоғарғы деңгейлік сертификатқа тапсыру кезінде шығарма жазу секілді өзіндік тапсырмалар топтамасын құрайды. Кез келген сертификат білім деңгейінің тек формалды көрсеткіші болып табылуына қарамастан, бүгінгі күні аталған құжат қытай тілін білу деңгейін ресми халықаралық куәландыратын жалғыз ғана құжат болып табылады. 

1-деңгейді тапсырған үміткерлер қытай тілінің ең оңай сөздері мен сөйлемдерін меңгеріп, тілді қарым-қатынас құралы ретінде қолдана алады, сонымен қатар ол қытай тілін одан әрі қарай жеңіл игеру мүмкіндігіне ие болады. 
2-деңгей үміткерлердің қытай тіліндегі күнделікті қолданылатын сөздері мен сөйлемдерін еркін меңгергендігін және бастапқы қытай тілінің жоғарғы деңгейі жеткендігін көрсетеді. 
3-деңгейге ие үміткерлер күнделікті тұрмыс-тіршілікте, оқу мен жұмыста қытай тілін еркін қолданып, Қытай еліндегі саяхатта тілдік кедергілерден еркін өте алады.
4-деңгейге ие үміткерлер көптеген тақырыптарда пікір таластырып, қытай тілі ана тілі болып табылатындармен қиындықсыз қарым-қатынас орната алады. 
5-деңгейден өткен үміткерлер қытай тіліндегі газет-журналдарды оқып, қытайлық фильмдер мен телебағдарламаларды тамашалай алады, яғни олар қытай тілінде еркін сөйлеп, еркін жазады. 
6-деңгей үміткерлердің қытай тілін толық меңгергендігін көрсетеді.

HSK сертификаты келесі мүмкіндіктерді ұсынады:

  • Қытайда тағылымдамадан өтуге арналған стипендиялар конкурсына қатысуға мүмкіндік береді.
  • Қытай университеттерінің бакалавриат, магистратура және аспирантураға түсу мүмкіндігін ұсынады (жаңа классификацияға сәйкес HSK деңгейі 4-тен 6-ға дейін талап етіледі).
  • Жұмысқа орналасу кезінде, біліктілігін арттыру курстарында ұсыныстар беру үшін негіз ретінде қызмет етеді, мекемелердің, кәсіпорындардың және ұйымдардың кадр саясатында ескеріледі.
Сұрақ қою
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме