Есенгелді би
1694-1772 жылдары өмір сүрген.
Есенгелді би Найман-Бәйжігіт-Жұмық-Саты ұрпағы. Бәйжігіт ұрпақтарының Тарбағатай, Маңырақ өңіріне қоныстануына үлкен үлес қосқан танымал тарихи тұлға. Қытаймен арадағы саяси-дипломатиялық қатынастарды орнатуға белсене араласып, алты Жұмық, бес Саты ұрпақтарына әділ биліктерімен аты шыққан би. Баба мұрасын дәріптеуді, есімін мәңгілеуді мақсат тұтқан ұрпақтары Есенгелді би баба атында саябақ ашып, құлпытасын орнатты.
Ұлағатты ісінен, әділетті сөзінен үлгі алар тұлғаның есімі ұрпағының есінде мәңгі сақталары сөзсіз!!! Бабамыздың жаны жәннәттің төрінде шалқысын!