ikcla@mail.ru
+7 727 249 36 13 +7 727 249 36 50
ГлавнаяОқу үдерісіОқу ісі бөлімі

Оқу ісі бөлімі

Колледжде оқу бөлімі оқу процесін ұйымдастыру, жоспарлау және бақылау жұмыстарын атқарады.
 
Оқу процесін ұйымдастыру міндеттері:
• сапалы білім беру үшін қажетті жағдайларды жасау, ұлттық және адами құндылықтар негізінде тұлғаның қалыптасуы мен кәсіби дамуы, тәжірибе жинау және ғылыми жетістіктерге ие болу;
• еңбек нарығындағы және қоғам талаптарына сәйкес уақытылы бейімделу құзыретін дамытатын кәсіби білім беру саласына жаңа оқыту технологияларын тиімді пайдалану және енгізу;
• өндірістік, техникалық және кәсіби білім оқу бағдарламаларының интеграциялау;
 
Оқу процесінің тәртібі:
• колледждегі оқу процесін ұйымдастыру Қазақстан Республикасының Конституциясы, техникалық және кәсіби білім беру мен басқа да құқықтық-нормативті актілер және колледж жарғылары негізінде жүзеге асады;
• оқу процесінің басты ұйымы оқу-әдістемелік жұмыстарын жоспарлау және есеп беру;
• оқу ісін жоспарлау оқу  кестесін және теориялық, тәжірибелік сабақтар кестесін оқу жылына бекіту арқылы жүзеге асады;
• оқу келесідей бөлім түрінде жүргізіледі: күндізгі (негізгі және жалпы білім беру аясында);
• студенттердің аралық үлгерімі, ағымдық және қорытынды аттестациясы ҚР «Білім туралы» Заңы аясында орындалады;
• заманауи ғылым мен техниканың, педагогика және психология талаптарына сәйкес оқу әдістемелік материалдар мен  оқулықтар басылымы және даярлығы;
• оқу процесіне бағдарламалық қамсыздандыру жүйесін, автоматтандырылған оқу жүйесін, сабақтардың ақпараттық қамсыздандырылған жүйесін дамыту және енгізу;
• педагогтың шығармашылық әлеуетін арттыру, педагогтердің кәсіби шеберлігі мен біліктілігін арттыру мүмкіндігін ұйымдастыру, оқытушылардың ғылыми-әдістемелік әлеуетін жетілдіру;
• қабылдау комиссиясынан құжаттарды алған мезеттен бастап, түлектердің жеке құжаттарын мұрағатқа өткізу уақытына дейін студенттің ісін жүргізу;
• студент контингенті туралы статистикалық мәліметтерді дайындау және өңдеу;
• тесттік бақылау жүргізу;
• озық педагогикалық тәжірибені жариялау, ұлағаттау және үлгі ету,
• студенттердің өзіндік және шығармашылық жұмыстарын жетілдіру.
 
 
 
 
 
Задать вопрос
Для нас важно качество, будем рады получить от Вас обратную связь или ответить на вопросы.
Отправить резюме